Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Халықаралық Көрме Бюросы

Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.

ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.

Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).

Халықаралық көрмелер жөніндегі Конвенция, 1928 жылдың 22 қарашасы, Париж қаласы

ХКБ-ның көрмені өткізу жөніндегі өтінімді қарау мерзімдері мен рәсімдері туралы ережелер

ХКБ ұйымына қатысушы елдерінің тізімі

Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 168 қатысушы ел бар.

Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.

EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:

Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ.

Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған),  ұйымдастыру жиілігі – екі  Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған.

20astana

dumk