Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

2017 жылғы 18 қазанда Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Рухани келісім күніне арналған облыстың діни бірлестіктерінің ІІІ-ші шығармашылық фестивалі өтті. 

1foto

Шығармашылық фестивальді Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы мен облыс дін істері басқармасы ұйымдастырды. 

2foto

Шығармашылық фестивальдің мақсаты: әртүрлі конфессия діни бірлестіктерінің арасында мәдени-рухани байланысты кеңейту, қазақстандық қоғамда төзімділікті нығайту, қоғамда рухани құндылықтарды жаңғырту және қалыптастыру.

3foto

Облыстың дін істері басқармасы басшысы Д. Зәкәриянов әртүрлі дінге сенушілер өкілдерінің рухани бірлесуіне бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап отырып, барлық қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтау сөзін сөйледі. Сондай-ақ, жиналғандарды мерекемен Орталықтың директоры Г.М. Раздықова құттықтады. 

4foto

Фестиваль бағдарламасында әртүрлі конфессия діни бірлестіктерінің ұжымдары музыкалық және би нөмірлерін көрсетті. Фестивальдің соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табысталды. 

5foto

6foto

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg