Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

2017 жылғы 30 қарашада Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында «Қоғамдық сананы жаңғырту мәнмәтініндегі дін саласы бойынша мемлекет саясат» тақырыбына Қазақстан дінтанушыларының VII Форумы өтті. 

061217 2

Форум жұмысында Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 –2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мен діни қызмет саласындағы заңнаманы жаңғырту мәселелері қарастырылды.  

Сондай – ақ, Форумда халықтың діни және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттық – түсіндіру іс – шараларының жұмыстары, дерадикализацияның және діни экстремизмнің алдын алудың заманауи тәжірибелері жетілдіру мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, белгілі дінтанушы-ғалымдар, елдегі жоғары оқу орындарындағы дінтану кафедраларының  оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен діни бірлестік өкілдері қатысты. Павлодар облысынан Форум жұмысына  Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов қатысты. 

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg