Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

«Жастар экстремизмге қарсы» жастар Форумы аясында «Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, тұрақтылық – біздің мақсатымыз» тақырыбына АІМОВ үлгісінде интернет-байланысы арқылы мектеп, колледждер мен ЖОО-ы оқушылары арасында суреттер, бейнероликтер және демотиваторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқау ағымдағы жылдың күзінде басталды. Жастар байқауға белсене қатысты. AIMOB қатысушылары шығармашылық жұмыстарын әлеуметтік желілерде өз парақшаларында жариялады. Барлығы 50 жұмыс жарияланды. 

13.12.17 1

Жеңімпаздар: бірінші орын «Үздік сурет» номинациясы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Омарханова Рузальиға бұйырды. Екінші орынды С. Торайғыров атындағы ПМУ студенті Қасен Үмітжан алды. Үшінші орын байқаудың ең жас қатысушысы Шарбақты ауданының Арбиген ЖОМ 1 сынып оқушысы Нұрай Есжанға тиді. 

13.12.17 2

 

«Үздік демотиватор» номинациясының үшінші орынын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Ахметова Шадияр және Гончарова Ирина алды. Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Кристина Буркацкаяға екінші орын берілді. Аталған номинация жеңімпаздары Инновациялық Еуразия университетінің студенттері Сливкина Алена, Сёмочкина Мария, Ломадзе Владислав болды.

         «Үздік бейнеролик» номинациясының жеңімпаздары болып Политехникалық жоғары колледжінің студенттері Цупикова Алина, Асерчева Виктория және Перегуда Андрей атанды. Павлодар қаласы Мұхтар Әуезов атындағы № 42 ЖОБ оқушысы Куминов Павел екінші орынды иеленді. Үшінші орын Инновациялық Еуразия университетінің студенттері Кусағалова Ақан, Раджабова Сахиба мен Мұхсиын Дулатқа бұйырды.

         Байқаудың барлық жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg