Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

А.ж. 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыс дін істері басқармасының Павлодар қаласында Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Жастар экстремизмге қарсы» жастар Форумы өтті. Форум жұмысына облыс дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов, КҚТДО бөлімдерінің басшылары З. Асанбаева және А. Абитова, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Қ. Қыдыралин, сондай-ақ өңірлік мектептер мен колледждердің белсенділері қатысты. 

13.12.17 3

Форум жұмысы дін саласындағы тұрақтылықты нығайтуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға,  жастар арасында діни радикалға қарсы иммунитетті дағдыландыруға, сондай-ақ қоғамның және жас ұрпақтың назарын діни экстремизм мен терроризм мәселелеріне аударуға бағытталған.

13.12.17 4

Жастар Форумын Д. Зәкәриянов ашты. Форум қатысушыларымен амандасып, келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, сонымен қатар қатысушыларға азаматтық ұстанымдарын көрсеткендері және радикалды діни идеяларды қабылдамағандары үшін алғыс айтты. 

13.12.17 4

 

А. Абитова өзінің сөз сөйлеуінде жастар мен сарапшылар арасындағы діни мәселелер жөніндегі диалогтың, экстремистік идеялогия таралуының алдын алу мәселелеріндегі жастардың белсенділігі мен нығаюы маңыздылығын баса айтты.

13.12.17 5

 

Сондай-ақ, Форумда Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Кристина Буркацкая «Қазақстандағы конфессияаралық келісім» тақырыбына сөз сөйледі.

Конфессияаралық және этносаралық тұрақтылықты сақтау саласында Қазақстанның оң тәжірибесі туралы өздерінің сөз сөйлеулерінде Политехникалық жоғары колледжінің студенті Перегуда Андрей және Инновациялық Еуразия университетінің студенттері Сливкина Алена мен Ломадзе Владислав айтты.

«Жастар экстремизмге қарсы» жастар Форумы аясында «Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, тұрақтылық – біздің мақсатымыз» тақырыбына АІМОВ үлгісінде интернет-байланысы арқылы мектеп, колледждер мен ЖОО-ы оқушылары арасында суреттер, бейнероликтер және демотиваторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. 

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg