Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

А.ж. 16 наурызда Павлодар қаласында іссапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз болып қайтты.

Сапар барысында Бас Мүфти Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовпен кездесті.

260318 1

 

Серікбай қажы Стыбалдыұлы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде жұма намазына қатысып, соңынан келушілерге ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша жаңа тағайындалған өкіл имам – Бердімұратов Жолдас қажыны таныстырды.

260318 2

Бердімұратов Жолдас қажы оқуын Ташкент қаласындағы «Мир Араб» медресесінде бастады. Каир қаласындағы «Аль-Азхар» халықаралық университетін тәмамдады. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің дінтану магистрі дәрежесін алды.

Қазіргі тағда Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD-докторантура факультетінде білім алуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бұйрығымен осыған дейін Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің имамы қызметін атқарған Нариман қажы Исенов Астана қаласының «Нұр Астана» мешітінің наиб-имамы болып тағайындалды.

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg