Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдама-лық құжаттарда тәуелсіз мемлекеттің қазіргі және болашақтағы бағытын – республиканың зайырлылығын, азаматтардың ар-ождан бостандығын, Қазақстан халқының дәстүрлеріне және елдің заңнамасына қайшы бөгде күштердің қоғамға деструктивті және радикалды нормаларды таңу әрекеттеріне қарсы тұруды атап көрсетті.

img 8088

     

Осыған байланысты а.ж. 29 наурызда облыс орталығында «Мемлекет зайырлылығы және жоғары руханият - бірыңғай болашақ ұлтының платформасы» тақырыбына облыс дінтанушыларының ІІ форумы өтті.

img 8199

Іс-шараны облыс дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы (бұдан әрі –Орталық) ПМПУ-дың тарих және ҚХА кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумның басты мақсаты – руханият, дін және діни құндылықтардың рөлін мемлекет пен өңірдің ғылыми және білім беру әлеуетінде арттыру арқылы дін саласындағы ғалыфмдар мен сарапшылардың бірыңғай болашақ ұлтының платформасын нығайтуда жаңа инновациялық тәсілдер әзірлеу деп атап көрсетті.

ПМПУ-дың тарих және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Каримова А.Е. қатысушыларды құттықтады.

Пленарлық отырыста Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Камарова Р.И., ШҚО «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының директоры Беркімбаева И.К., сарапшы-теолог, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Бердімұратов Жолдас Қажы баяндама жасады. Пленарлық мәжілістің соңында өңірдегі діни ахуал туралы ПМПУ кафедра доценті Б.Әбдірахманов баяндап берді. Форум соңында қатысушылар мен лекторлар мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастар, соның ішінде білім саласындағы маңызды мәселелерді талқылады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің әр оқытушысы сертификат алды.      

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg