Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс-залында а.ж. 6 сәуірде діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабыл алмауды қалыптастыруда руханият пен адамгершілік» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылды. Бұл өзекті мәселе бойынша пікірсайысқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де қатысты.

DSC 0361

Талқыланып отырған мәселе бойынша қысқа баяндамамен облыс дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов және Павлодар қаласы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Н. Қайырбеков сөз сөйледі.

DSC 0392

Диалог барысында сыбайлас жемқорлықты қоғамдық айыптау мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімін қалыптастыруда діннің әлеуетін қолдану мәселесі маңызды аспектісінің бірі болды.

DSC 0398

Облыс дін істері басқармасы

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg