Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Наурыз мейрамы көптеген түркі тектес халықтарда тойланады, әсіресе ежелде мемлекеттері Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан халықтарда.

IMG 5658

Наурыз мейрамы бейбітшілік пен мейірімнің күні ретінде барша халықтың тойлауымен, түрлі спорттық және өнердегі жарыстармен, сондай-ақ, керемет мол дастарханнан дәм татумен атап өтіледі.

IMG 5686

 

Наурыз деп Күн мен түннің теңелуі ғана емес, сонымен қатар, осы күннен кейін келетін көктемнің бірінші айын атайды. Павлодар облысында екінші жыл қатарынан Наурыз мерекесін қырық күн тойлауда.

         Павлодар облысында биыл да Наурыз мерекесі Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында тойлануда. А.ж. 30 сәуірде Павлодардың орталық көшесінде бірнеше ауыл орнатылып, мереке қонақтары үшін ондаған ақ киіз үй өз есіктерін айқара ашты.

         Дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС қызметкерлері Наурыз мерекесіне арнап қазақтың киіз үйінде сыйлы қонақтар – діни бірлестіктердің басшылары үшін мерекелік дастархан жайды. Бір шаңырақ астында жиналған облыстың әр түрлі конфессиялар басшылары мерекелік палау, наурыз көже, қымыз, қоспа, бауырсақ, талқаннан дәм татып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты.

         Наурыз – әр түрлі діндегі адамдарды біріктіретін мерекеге айналды.

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg