Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Имамдарға арналған семинар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде, ағымдағы жылғы 22 тамызда дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС «Исламның деструктивтік және радикалдық идеялардың алдын алудағы әлеуеті» тақырыбына облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға облыс орталығы және Павлодар облысы қалалық пен аудандық мешіттерінің имамдары шақырылды. Семинарды өткізу үшін белгілі теолог, Оңтүстік Қазақстан облысы Орталық мешітінің наиб-имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы шақыртылды.

Семинарда экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша аудандық және қалалық ақпараттық топ өкілдерінің діни және теологиялық білім деңгейін арттыру, түрлі мақсатты аудиториямен жұмыс дағдыларына үйрету өзекті мәселелері қарастырылды.

Семинар барысында имамдар талқыланған тақырып бойынша сұрақтарына жауаптар алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат пен әдістемелік әдебиеттері бар папкалар берілді.

20astana

dumk