Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Конфессия көшбасшыларымен «дөңгелек үстел»

2016 жылғы 26 тамызда Павлодар қ. Достық үйінің мәжіліс залында Конституция Күніне арналған «Қазақстанның діни саласындағы тұрақтылықты сақтаудағы Конституцияның рөлі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Оған облыстағы конфессиялардың басшыларымен мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелдің» мәжілісінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Халықаралық мәдениет және дін орталығы директорының орынбасары Ж.А. Дәуренов қатысып, кіріспе сөз сөйледі. Мәжілістің соңында діни бірлестіктердің өкілдеріне – «Иосиф» Христиан Евангелия Сенімі Қайырымдылық миссиясы және евангелизация» ЖДБ басшысы Иван Егоренковке, Шіркеулер Одағының Евангелия христиан-баптистері Шіркеуі ақсақалдар Кеңесінің мүшесі Юрий Коркинге, Шарбақты ауылының «Мәриям христиандардың қамқоршысы» Рим-католик приходының» жетекшісі Гарофало Мэтью Джеймс, Павлодар қ. «Әбу Бәкір Сыддық мешітінің» имамы Дулат Матаевқа және «Надежда» әдістемелік шіркеуі» ЖДБ басшысы Ким Сонг Су Павлодар облысы дін істері басқармасының рухани дәстүрді сақтауға, қоғамдағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттары табысталды.

20astana

dumk