Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Рухани келісім күніне арналған фестиваль 

2016 жылғы 14 қазанда «Колос» балалар мәдени-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Рухани Келісім күніне арналған Павлодар қаласы діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен ІІ шығармашылық фестиваль өтті.

Фестиваль облыс дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен ұйымдастырылды. Конкурсқа қатысушылар алдында облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов және Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықова кіріспе сөз сөйледі.

Шығармашылық фестивалдің мақсаты түрлі конфессиялардың діни бірлестіктері арасындағы мәдени-рухани байланысты кеңейту, діни бірлестіктер мүшелерін аймақтың белсенді қоғамдық-саяси өміріне тарту және қазақстандық қоғамды толеранттылық қағидаттарын нығайту болып табылады.

Түрлі конфессияның шығармашылық ұжымдары музыкалық және би нөмірлерін көрсетті.

Фестивалдің соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табысталды.

20astana

dumk