Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Михаил Архангельский шіркеуін көріктендіру 

2016 жылдың 15 қазанында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілік шеңберінде Павлодар қаласында салынып жатқан Михайло-Архангельский православ шіркеуінде ағаш отырғызу ұйымдастырылды. Рухани Келісім күніне арналған шіркеу аумағын жасылдандыру бойынша іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы В.А. Берковский, облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов, облыс мәслихатының депутаттары, сонымен қоса түрлі конфессия басшылары: Павлодар және Екібастұз Епископы Варнава, Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Нариман қажы Исенов, «Иса Сәбиі әулие Тереза» Рим-Католик Шіркеуінің жетекшісі Войцех Матушевски, «Источник жизни» Христиан Евангель елуліктер шіркеуінің жетекшісі Игорь Лиховид, «Надежда» әдістемелік шіркеуінің жетекшісі Ким Сонг Су, Евангелия-лютеран шіркеуінің жетекшісі Николай Шарих, Кришна санасы қауымдастығының жетекшісі Рашад Мергенбаев, Евангелия христиан-баптистері Павлодар қауымдастығының ақсақалы Юрий Коркин қатысты.

В.А.Берковский қатысушыларға кіріспе сөз сөйлеп, барлығын Рухани Келісім күнімен құттықтады. Түрлі конфессия өкілдерін қаланың тазалығы мен көріктілігі үшін біріктірген, өткізіліп жатқан іс-шараның, сонымен қоса аймақтағы конфессионалдық келісімнің маңыздылығын атап өтті.

20astana

dumk