Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

«Павлодар облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 Жалпы ережелер 

1 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй.

10 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

11 Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде ˗ «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде ˗ государственное учреждение «Управление по делам религий Павлодарской области».

12 Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

13 Осы Ереже «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

15 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құкықтары мен міндеттері

16 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ˗ өңірде конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

17 Павлодар облысында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

18 Павлодар облысының аумағында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.

19 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету; азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің, аз құрамды діни топтардың және миссионерлердің қызметі саласында елімізде болып жатқан үдерістерді жан-жақты және шынайы зерделеу, қорытындылау және талдау;Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

20 Функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау, облыстың терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының қызметін ұйымдастыру;

2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу бойынша ұсыныстар енгізу;

5) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

7) діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыруды бекіту;

8) ғимарат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыруды келісімдеу;

9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, оларды орналастыру орындарын айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдерді қабылдау;

10) діни бірлестіктер құратын бастамашы-азаматтардың тізіміне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

11) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу;

12) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қор жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

13) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

14) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;

15) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;

16) мыналарға

жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне;

ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне;

мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру;

18) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау.

21 Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғалар, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

2) тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

3) облыс әкіміне «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі сапасында, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

4) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасау;

6) «Павлодар облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;

7) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3 Павлодар облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

22 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

23 «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

24 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;

2)қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату;

3)Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді ынталандыру, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу;

4)барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығару, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар беру;

5)қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;

6)«Павлодар облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіру;

7)«Павлодар облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеу;

8)перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекіту;

9)сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және оған дербес жауап беру;

10)өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім кабылдау.

«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

26 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

27 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді. 

4 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

28 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

29 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30 Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

31 «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

32 «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» жауапкершілігі шектулі серіктестік.

20astana

dumk 

 

 

 

1.JPG2.jpg3.png4.jpg5.gif6.png7.jpg