Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және

қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтiнiші болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына қарау үшін жібереді – 30 (отыз) минут;

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

көрсетілетін қызмет берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушының өтінішін орындау үшін жібереді - 1 (бір) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді және Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындайды - 26 (жиырма алты) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 1 (бір) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің (рәсімі) іс-қимыл нәтижесі миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:

1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері;

3) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнесс-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

4-тарау.  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы

9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

20astana

dumk