Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

     2015 жылғы «23  » сәуірдегі

№ 147 бұйрығына 

1-қосымша

 

 

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді

және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.  

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)  құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30  минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар діни бірлестік берген құжат;

4) куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің жарғысының көшірмесі;

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.

Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың  нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен  бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері

ескерілген өзге де талаптар

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы  өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. 

14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz  интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған. 

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.  

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

 «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 нысан

______________________________________________________________әкімдігі

 (облысының, республикалық маңызы бар қаланың және астананың)

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы

куәлік _________________________________________________
          (тіркеу нөмірі)

                   _______ қаласы                                                20     жылғы  «      »                     

Осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»                       2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес________________________________________________________берілген
                         (куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесініңаты (оның болған жағдайында))

және миссионер ретінде 20___жылғы «___» ___________  тіркелгенін растайды.

Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: ________________________________

Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы «___» __________                                          

(қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

Паспорт немесе жеке куәлігі: ___________________________________________

                                                           (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

Азаматтығы:_________________________________________________________

________________________________________________________________________________                 

    (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы)

Осы куәлік 20___ жылғы «___» ________ дейін жарамды

Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам __________________________________________________________________                                                               

(лауазымы мен тегiн, аты-жөнін, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып)

Қолы__________________________________      Мөр 
Бланк сериясы       Бланк №

 «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша        

нысан

көрсетілетін қызметті берушіге ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

көрсетілетін қызметті алушыдан ______________________________________

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында), мекенжайы және телефоны)

 

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________

Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________________

Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күні, нөмірі, құжатты берген орган)________________________________________________________

Азаматтығы:_________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы)

Миссионерлік қызмет мерзімі:__________________________________________

Визаның қолданылу мерзімі____________________________________________

Қызметті жүзеге асыру аумағы: _________________________________________

                                                          (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

Мен, ___________________________________________________ миссионерлер

                                 (тегi, аты, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында))

Қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын ________________________________

                                                                              (қолы)

Қосымша:

Қолы _______________   Өтініш берілген күн _____________________________

20astana

dumk