Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

Павлодар облысы дін істері басқармасының

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылғы есебі

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 (2015 жылғы 08 қыркүйектегі № 756 толықтырулар мен өзгерістерімен) қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Павлодар облысының дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтің 3 түрін қағаз түрінде ақысыз негізде көрсетеді. Басқармамен электронды мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

2017 жылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 20-сы «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметі, 0 - «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметі және «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі – 1.

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне тартылған басқарма қызметкерлері қызметін ҚР Мәдениет және спорт Министрінің 23.04.2015 жылғы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» №147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың ережесіне және Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №165/4 қаулысымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерімен сәйкес атқарылады.

Тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпаратты басқарманың сайтында www.dinpav.gov.kz және Карл Маркс көшесі, 202/5 мекен-жайы бойынша орналасқан қызмет көрсету орнында ала алады.

Діни бірлстіктердің басшылары және өкілдерімен жүргізілетін кездесулер барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және заңдылықтың сақталуы мен оны бұзушылықтың салдары туралы түсіндірулер беріледі.

Мемлекеттік қызметтер тұрақты негізде мониторигтен өтеді. Есептік кезеңде қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін қызметкерлердің ешқайсысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Мүдделердің шиеленісін болдырмау мақсатында, көрсетілген қызметтердің және келіп түскен шағымдардың саны туралы есепті басқарма басшысына тікелей бағынатын, персоналды басқару бойынша маман құрастырады. 2017 жыл ішінде мемлекеттік қызметті алушылардың тарапынан шағым түскен жоқ.

20astana

dumk