Павлодар облысының дін істері
басқармасы

poslankz

 

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетелетін қызмет) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 Бұйрығымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген өтiнiшпен құжаттар болады.
5. Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады және басшыға қарау үшін жібереді (30 минуттан аспайды).
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты маманға орындау үшін жібереді (1 күнтізбелік күн ішінде).
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды зерделейді

және діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім жобасын дайындайды (20 күнтізбелік күн ішінде).
Басқарма басшысы діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімді қарайды және қол қояды
(7 күнтізбелік күн ішінде).
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жеке өзi келгенде (не сенімхат бойынша оның өкіліне) діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімді беруді жүзеге асырады немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты поштамен көрсетілетін қызметті алушының мекен-жайына жолдайды (3 күнтізбелік күн ішінде).
6. Рәсім нәтижесі діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім болып табылады

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
басқарманың жауапты маманы;
қызмет берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнесс-үрдістерінің аңықтамасында көрсетілген.


4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

20astana

dumk